Мақат кентіндегі шалғай орналасқан «Локомотив» және «60 үйлік» ықшам аудандарынан оқушылар енді автобуспен қатынайтын болады.
Оқушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында аудандық білім бөлімі 25 орындық Toyota Coaster автокөлігін іске қосты.
«Алдағы күндері аталған мекен-жайлардағы оқушылар ауданымыздағы Л.Шахатов, Х.Санбаев, М.Баймұханов атындағы орта мектептеріне күнделікті түске дейін және түстен кейін қатынай алады. Автобустың жүру кестесі таңертеңгі 07:25-те «Локомотив» ықшам ауданынан басталады. Толық жүру кестесі қосымша хабарланады», - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев.
«МТ»