Мақатта онлайн қызмет ойдағыдай

(0 Votes)

Коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкендер көбейді. Өйткені мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter парақшасында «Төтенше жағдай режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады», - деген болатын. Иа, осылайша елімізде төтенше жағдайға байланысты көптеген мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысына шектеу қойылып, кейбіреулері жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Қазір оқу, қызмет көрсе­ту мен жүріс-тұрыс онлайн ре­жимнің иіріміне енді. Со­ған сай барлығы жүйеленіп жа­тыр. Ауданымызда да қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі бар мекемелер онлайн жұмыс істеу режиміне көшті.

Кітапхана бос қалса да, ішіндегі мол мұра әлеуметтік желіде

ajman-ktapkhanashy

Доссор кентіндегі №3 және №4 кітапханалары кідіртпей онлайн режимде жұмыс істеуге көшкен болатын. Оқырмандар әдеби байқауға қатысып, кітапты пайдалану мерзімін ұзарту сынды қызметтердің бәріне карантин кезінде қашықтықтан қол жеткізе алады. Кітапханашы Айман Жылқышиева үйінің бір бұрышын жұмыс бөлмесіне айналдырған. «Күні бойы кеңседе отырғаннан гөрі қашықтан жұмыс істеген де қолайлы екен. Кеңседе қимыл аз, ал үйде әрі-бері жүріп, жаттығу жасап, арасында бірер сағат мызғып алуға да болады. Басқа шаруаларыңды реттеуге де уақыт бар, еркінсің»-, дейді ол. Кітапханашы Айман кітапхана оқырмандарына әлеуметтік желілер арқылы виртуалды көрме дайындап, оқырмандармен кері байланыс жасап, барлық қызметтерді онлайн режимде қолжетімді түрде ұйымдастырып отырғанын айтады. Осылайша олар оқырманын жоғалтпай, әлеуметтік желі арқылы жұмысын өрбітіп отыр. 

«Қашықтан оқыту – уақыт талабы»

akzhuldyz-osy

Х.Санбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақжұлдыз Оразова төртінші тоқсан басталмастан қызу дайындыққа кіріскенін айтады. Сондықтан қашықтан оқыту жүйесі оған қиындық туғызбаған. Ақжұлдыз  көктемгі демалыс уақыт пайдаланып, оқу мақсаттарын негізге ала отырып, алдын-ала бейнесабақтар, тапсырмалар дайындаған екен. Бүгінгі күні ол телесабақтар аяқталысымен, мектеп бекіткен кестеге сәйкес, жұмысын электрондық платформаларда жалғастырады. «Себебі, оқыту кезінде сабақты түсіндіру тек телесабақпен шектелмейді. Бұл жерде біздің педагог ретінде өзіндік жұмысты ұйымдастыру процесімізге байланысты. Яғни, мұғалімге шығармашылық еркіндік берілген. Сабақ түсіндірілгеннен кейін, міндетті түрде тапсырмалар береміз, тапсырмаларды оқу мақсатына сәйкестендіріп жасаймыз. Оқушылар тапсырманы түсінгендігі, орындағаны бойынша кері байланыс алып отырамыз. Әр оқушыны бағалап “Kundelik.kz” электронды журналына баға қойып отырамыз. Сонымен қатар, bilimland.kz немесе daryn.online сияқты платформалардың сабақты қашықтықтан беруге қажетті мүмкіндіктері бар болғандықтан, қолданамыз. Ол жерде тапсырма беріп, қай оқушы қай тапсырманы ашып көргенін көріп, әр сабақтан соң тест нәтижелерін қадағалай аламыз»,- дейді А.Оразова. Ақжұлдыз қазақстандық дәстүрлі қоғам қазіргі мүмкіндікті пайдаланып, жаңа өзгерістерге бейімделуі керек деп есептейді. Ол қазір үй тірлігі мен қызметтік міндеттерін осындай өзгеше жағдайда үйлестіруге дағдыланып үлгерген.

Толығырақ газетімізден оқи аласыз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521