Доссорлық қос жанұяға қолдау танытты

(0 Votes)

 Карантин кезінде жұдырықтай жұмылып бірге екенімізді бірнеше істен аңғарып үлгердік. Атқарылып жатқан қайырымдылық іс-шаралардың легіне аудандық білім беру бөлімі қосылды.

Аталмыш сала мамандары доссорлық әлеуметтік жағынан аз қамтылған екі отбасыға азық-түлікпен қолдау танытты. Қысылтаяң кездегі қызметкерлердің бұл әрекеті қос жанұяға да қуаныш сыйлап, бәріміздің бірге екенімізді сезіндіргендей болды. Алған-бергеннен біріміз байып, біріміз кедейленіп қалмайтынымыз анық. Бастысы - жүрек жылуы!

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT