Мақаттықтар көпқабатты үйлердің айналасын көгалдандыруға кірісті

(2 Votes)

Дүниені қызылды-жасылды ғып түрлентіретін ару көктемнің алғашқы айлары кірісімен-ақ, айналамызға ажар кіре бастайды. "Сәуір болмай - тәуір болмайды" деп бұл айдан атам қазақ әуелден көптеген жақсылықтар күткен. Жеміс ағаштары да бұл сәтте бүршік атып, алуан түсті гүлдерімен айрықша құлпырып, көрген адамның көзін сүйсіндіреді.

Осы тұста ауыз екі тілде "алпыс үйлік" атанып кеткен Бейбітшілік көшесінің тұрғындары да аулаларының көріктенуіне өз үлестерін қосып бағуда. Суретімізден сыр шерткізбек болып, сырт еткізгеніміз сол-ақ еді "Қартайсақ та, қарап отыра алмайды екенбіз" деп қолына сыпырғышын ұстаған апамыз келді.

48ca3c7c-d46e-402c-b3a7-4e806dcf59be

Бұрын жер үйде тұрған бұл кісілер "Қазір зейнетке шығып алып, не істерге білмей отырған үлкендер көп, ал біз ондай емеспіз" деп әзілдеп те үлгерді. "Мәди" ЖК -ге жетекшілік етіп жүрген Жылқышы ағамыз тұрғындардың басын біріктіріп, осы бір істің жандануына ортаға ой тастайды. Жақсылыққа жаны құмар тұрғындар да ағамыздың бір ауыз сөзін іліп әкетіп, іске көшті. Көп қабатты үйдің артқы бетінде тағы бір құрылыстың жүріп жатқаны белгілі.

12e36bda-3e57-4458-b329-c9815b8d92b6

Енді олар осы жерден босаған құрылыс ағаштарын қадесіне жаратып, әдемі қылып шарбақ тартуда. Қоршаудың ішінде жаңадан егілген жас шыбықтар мен түрлі жасыл өсінділер жайқалып тұр. Кеше ғана егілген талдың жапырағына оранып үлгергеніне қарап, күтімінің жақсы екеніне көзіміз жетті. Кеше ғана бой көтерген "алпыс" үйлік тұрғындарының бұл ісі талай жылғы "сексен", "тоқсан" үйліктегілерге де үлгі боларлықтай екен деп тарқастық.

А.САДЫКОВ
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT