Мақатта айт мерекесі тойланды

(0 Votes)

Мұсылман үшін ең басты екі мереке болса соның бірі - ораза айт. Сондықтан баба дінін берік ұстанған халқымыз айт күндерін жылдан-жылға ерекше атап өтуде. 

Мақат аудандық орталық мешітіне айт намазына ағылған жамағат таң атысымен жиналды. Бір ай бойы ауыз бекітіп, тарауих намазын оқыған олар атаулы күнді көппен бірге тойлауға асықты. Себебі ораза айтта әр мұсылман баласы істеуі тиіс: пітір садақасын беру, намазға шығар алдында құрма жеп шығу, шаттықта болу, бір бірін құттықтау, жаңа киім кию, тәкбір айту секілді амалдары бар.

Қасиетті жұмаға тұспа-тұс келген мерекеде аудандық мешіттің ауласында кішкентай бүлдіршіндер үшін батут құрылды. Айт намазынан шыққан жамағат қазақша күрес, қол күресі, арқан тартыс бойынша өзара сынға түсті. Жүлдегерлердің барлығына дипломдар мен демеушілердің атынан қаржылай сыйлықтар берілді. Киіз үйде ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріне арналып дастархан жайылды. Кешкісін тағы да бас қосқан жамағат өз араларында спорттық сайыстар мен білім бәйгесін өткізді.

Сонымен қатар Мақат аудандық орталық мешіті мен Доссор орталық мешітінің ұйымдастыруымен және жомарт жандардың демеушілігімен екі елді мекенде 300-ден ораза қоржынындағы сый-сыяпат таратылды.

А. Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT