Мақат жастары дебат ойнап сынға түсті

(0 Votes)

Аудандық жастар ресурстық орталығында  «Maqat cup» дебат біріншілігі өтті.

Турнирге жоғары сынып оқушыларынан құралған 4 топ қатысты.  Ойын сыбайлас жемқорлық, онлайн оқыту және Мақат ауданының даму жолдары бағыттарын қамтыды. БПФ, АПФ бойынша өткен жарыс нәтижесінде 1 орынды «Сабикорн», 2 орынды «Бір мақсат», 3 орынды «EQ» фракциялары жеңіп алса, «Үздіктер» фракциясы алғыс хатқа ие болды. ЛД форматы бойынша Мөлдір Ақмурзина «Үздік сипикер» атағын иемденді.

debatt-2

«Алдағы уақытта әр түрлі жас өкілдері мен әр түрлі маман иелерінің арасында дебат ойынын өткізу және Мақат ауданының жас дебатёрларын дайындап шығару жоспарда бар», - дейді ұйымдастырушылар.

debatt-1

А.Ишан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521