Мақат ауданы кіреберісіне жаңа белгі орнатылды

(0 Votes)

Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай аудан территориясының Атырау қаласынан кіреберіс шегіне ауданның аты жазылған арнайы белгі орнатылды. Туған жердің тұғырын айқындайтын ескерткіш монументін орнату аудан әкімі Шәкір Кейкінұлының бастамасымен қолға алынған.

Монументтің композициясында мұнай ұңғымасы және күн бейнеленген. Сондай-ақ, аудан аумағынан алғаш мұнай бұрқағы атқылаған "1911" және ауданның құрылған жылы "1924" жазылған. Ауданның картасы да таспаланып, аудан құрылғалы бері территориясында болған елді мекендер тыс қалмаған.

Бұл болашаққа ұрпаққа ауданымыздың тарихынан сыр шертер, мұнайлы өлкенің еңсесінің биіктігін байқатар жұмыс екені анық.

«Мақат ауданы» деген жазуы бар көк тұғыр енді ауданымыздың сыртқы қақпасына айналмақ.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT