Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №49ПГВР қаулысына орай, Мақат кенті аумағында «карантин» режимі 2020 жылғы 05 маусымы сағат 07.00-ге дейін сақталатынын хабарлайды.
Осыған орай, Мақат ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №7ПГВр «Мақат кентінде карантиндік режимді қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның «COVID-19» таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен белгіленген карантиндік шектеулер өз күшінде қалып, Мақат кентіндегі блок-бекеттер 5 маусымға дейін алынбайды.
Сондай-ақ, аудан әкімдігі тарапынан енгізілген өзгерістер мен қабылданған шаралар туралы жедел түрде халыққа жарияланатын болады.
Мақат аудандық жедел штаб орталығы