Мақат станциясынан пойызға жолаушылар отырғызылмайды

(0 Votes)

Мақат ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №7ПГВр «Мақат кентінде карантиндік режимді қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның «COVID-19» таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен белгіленген Мақат кентіндегі карантиндік режим 5 маусымға дейін сақталады.

Осыған орай, Маңғыстау облысынан шығатын Маңғыстау-Ақтөбе және Маңғыстау-Нұр-Сұлтан бағытындағы жолаушылар пойызына Мақат кентінің темір жол вокзалынан тек Мақат кентінің жергілікті тұрғындарын пойыздан түсіру жүргізіледі. Ал пойызға отырғызу мүлдем жүргізілмейтінін хабарлаймыз.

Сол себепті, аудан тұрғындары 5 маусымға дейін алынған жол жүру билеттерін қайта тапсыру қажет.

Мақат аудандық жедел штаб орталығы

фото: редакция архивінен

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT