"Мақат Иман Жастары" қайырымдылық көрсетті

(0 Votes)

"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің",-дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқын келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін! Күн райының қолайсыздығына қарамастан жұма күні «Мақат Иман Жастары» ерікті жастар тобы  аудан бойынша  әлеуметтік аз қамтылған 20 отбасыға тегін азық-түлікпен көмек көрсетті.

Ерікті жастар тобы демеушілік көрсетіп, қаржылай көмек жинады.  Игі шара барысында  мұқтаж жандардың алғысын алып, ризашылығына бөленді. «Мақат Иман жастары» бұл шараны әр жұма сайын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Сауабы мол игі іске атсалысу әрбір адамның борышы. Сауапты іс жасап, игі істің басынан табылған ерікті жастар тобына Алла разы болсын дейміз.

 

А.ТАУМҰРЫНОВА

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521