banner_damu

"Аққала" жасап жарысты

(0 Votes)

 Мақат кентіндегі №54 балабақшада "Қарлығаш" және "Балдырған" ересек топтарының арасында "Қыс қызықтары" атты қысқы эстафеталық ойыны өтті.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, балалар сайысқа белсенді қатысып, қызықты ойын көрсете білді. Сайыс үш кезең бойынша өтті. Алғашқы "Қояндар" кезеңінде аппақ қардың үстінде екі топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре, қардан жасалған төмпешіктерге сары және жасыл жалаушаларды қадап жарысты.

whatsapp-image-2020-01-29-at-16_46_50

Бұл сайыста "Қарлығаш" тобының ойыншылары үздік шықты.  Кезекті "Кім жылдам?" кезеңінде екі топтан екі-екіден төрт ойыншы шығып, шананың көмегімен  сырғанап жарысты. Бұл сайыста "балдырғандықтардың" ұпайы басым болды. Соңғы "Аққала" кезеңінде ойыншылар қарды дөңгелетіп, аққала жасады. 

whatsapp-image-2020-01-29-at-16_46_51-1

Балалар кезек-кезекпен бірінші астыңғы бөлігін, кейін ортаңғы бөлігін, соңғы ойыншы  басындағы  бөліктерін құрастырды.

whatsapp-image-2020-01-29-at-16_46_54

Бұл сайыста екі топтың ойыншыларының ұпайы тең болды. Аталмыш сайысқа барлығы жиырма бала қатысты. Қалған топтағы балалар ойыншыларға қолдау көрсетіп, жігерлендіре білді. Ойын тең дәрежеде аяқталған соң қатысушылар "достық" жеңді деп тарқасты.

А.ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ,

тәрбиеші

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика