Мақат ауданында азық-түлік қоры жеткілікті

(0 Votes)

Ауданда төтенше жағдай кезінде сақтық шаралары қатаң бақылауға алынған. Әлеуметтік маңызы бар 9 түрлі азық-түлік өнімдерінің бағасы да тұрақты.

Бүгінде өңірде азық-түлік саудалайтын 82  дүкен жұмыс істеп тұр. Оның 48-і Мақат кентінде, 30-ы Доссор кентінде және 4-еуі Бәйге-төбе ауылдық округінде халыққа қызмет жасауда. Дүкендердің барлығына аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі тарапынан шектік баға мөлшерін сақтау жөнінде хабарлама таратылған.  

Осыдан бірнеше күн бұрын аудандағы азық-түлік дүкендерін аудан әкімі Шәкір Кейкин аралағанын жазған болатынбыз. Рейд барысында кейбір кәсіпкерлердің олқылықтарын түзетуге сала жауаптыларына шұғыл тапсырма берілген болатын. Тапсырманың үдесінен шығып, нәтижені бірден байқату үшін баға көтерілуін болдырмау іс-шарасы бекітілді. Нәтижесінде сөрелердегі бағалар қалыпқа түсті. Кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, бүгінде тауарлардың бағасы тұрақты. Азық-түлік қоры жеткілікті. Елдегі төтенше жағдай аяқталғанша әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағасын тұрақтандыру жүйелі түрде жүргізілмек.

6

«Аудан бойынша барлық азық-түлік дүкендері тұрақты бақылауда. Азық-түлік қоры жеткілікті. Баға тұрақты. Өсім байқалғанмен, негізсіз өсім фактілері жоқ. Бағаны көтеріңкі қойған кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Біз бағаларды үкіметтің бекіткен қаулысы бойынша күнделікті қадағалап отырмыз. Қандай да бір жетіспеушілік болса біз өз тарапымыздан кәсіпкерлерге қолдау танытуға әзірміз. Қазіргі таңда үкіметтің бекіткен тоғыз әлеуметтік маңызы бар тағамның тұрақты бағада сатылуын үнемі бақылауда ұстап отырмыз»,- дейді аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Азамат Шаңғалаев.                                                                                                                           

Әлеуметтік маңызға ие бірінші сортты бидай ұнының келісі 162 теңге және бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны - 164 теңге  деп  белгіленген. Макаронның келісі - 216 теңгеден ал, күріштің келісі - 275 теңгеден аспайды. Бірінші санатты тауық жұмыртқасының ондығы - 265 теңге, күнбағыс майының келісі - 443 теңге, ас тұзының бағасы - 46 теңгеден.

Қарақұмық жармасының келісі - 300 теңге, сиыр етінің келісі - 1805 теңгеден  аспаса, қарапайым халықтың қалтасына салмақ салмас еді. Бұл аймақтағы шекті бағасы белгіленген әлеуметтік мағызға ие 9 азық-түлік өнімі.

index

Бұл күні аудандағы сауда орындарындағы бағалар бекітілген баға бойынша қалыпқа келуде.

Осы жағдайды бағамдау үшін сауда орындарына аяқ басып, жағдаймен таныстық...

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521