Ауданда сайлау учаскелері жабылып, бюллетеньдер саналып жатыр

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы өз мәресіне жетті.

Таңғы сағат 7:00 мен кешкi 20:00 арасында өткен сайлауға аудан тұрғындары да белсенді түрде қатысып, өз таңдауларын жасады.

Ауданға қарасты 12 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталып, комиссия мүшелері талапқа сай байқаушылардың қадағалауымен жәшіктердегі бюллетеньдерді санауға кірісті.

Алдын ала айтылғанындай, бұл жолғы сайлауда бір емес бес бюллетень болуына байланысты санақ әдеттегіден ұзағырақ болды.

Айта кетейік, бұл саяси науқанда аудандық мәслихатқа 35 кандидат тіркелген. Оның 13-і партия атынан түсіп жатса, 22-сі өзін-өзін ұсынған. Сондай-ақ, облыстық мәслихатқа 4 кандидат бақ сынады. Оның екеуі партия атынан, екеуі өзін-өзін ұсынған үміткерлер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT