Мақат кенті әкімдігінің жоспары бойынша маса улау, дезинфекциялау жұмыстары жұма күні 10 маусымға жоспарланған болатын.
Алайда, кентте түрлі маса, шіркей, зиянкестердің жаппай таралу қаупіне сәйкес және тұрғындардың өтініші бойынша бүгін, 7 маусымда Мақат кенті бойынша көп қатарлы үйлерде маса улау жұмыстары жүргізіледі.
Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.
Мақат кенті әкімі аппараты