Мақаттық полицейлер ашық терезеден қарап тұрған 2 бүлдіршінді құтқарды

(0 Votes)

5 маусым күні сағат 19:00 шамасында 2-3 жас шамасындағы бүлдіршіндердің 2 қабаттағы ашық терезеден қарап тұрғаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына барған Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция майоры Тойгожа Азбергенов, полиция аға лейтенанты Ренат Исемгалиев, полиция аға лейтенанты Аслан Мұсаев және Мақат ауданының Қайрат есімді тұрғыны екінші қабаттағы терезеге өрмелеп міну арқылы балаларды қауіпсіз жерге шығарды. Пәтер ішінде 2 бүлдіршін жалғыз болған. Ювеналды полиция инспекторлары 1997ж.т., ата-анасының жұмыста болғанын анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді .

Атыраулық полицейлер ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT