«Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді» байқауында “Атырау-Ақпарат” ЖШС-на қарасты “Мақат тынысы” газеті редакциясы «Ең мейірімді редакция» аталымы бойынша жүлделі III орынға ие болды.
Аталған байқау бойынша, Қостанай облысынан «Ритм» газеті I орын алса,
«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ұжымы II орынға ие болды.
Айта кетейік, аталған редакциялар мұқтаж отбасылар үшін қайырымдылық шараларын бірнеше жылдан бері жүйелі ұйымдастырып жүр. Әр жанұяға азық-түліктер үлестіріліп, ақшалай да көмек беріліп келеді.
Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру.