Мақат ауданында Жел электр стансасы салынып жатыр

(0 Votes)

«Жоба 2022 жылы іске қосылады. Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин онлайн брифинг барысында мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік ​ коммуникациялар қызметі.

«Жоба ​ «Атырау – Мақат» тас жолының оң жақ бетінде орналасқан. Қуаттылығы 48 мегаватт. ​ Құрылыс барысында 12 адам жұмыспен қамтылуда. Жоба аяқталғаннан кейін 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр» деп атап өтті спикер.

Сонымен бірге, Мақатта Газды кешенді дайындау қондырғысы ​ құрылысы жүріп жатыр.

Жоба Қашаған кен орнында жылына 1 млрд. текше метр газ өндіруге мүмкіндік береді. «Қазіргі уақытта құрылыс барысында 2500 адам еңбек етуде. Жоба іске қосылған жағдайда 450 адам жұмыспен қамтылады. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады деп күтілуде. Ескене елді мекені территориясындағы жобаны «GPC Investment» ЖШС жүзеге асыруда.

Сондай ақ, «Ақтөбе – Атырау» тас жолы бойынан кемпинг құрылысы жүріп жатыр. ​ Құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады, 18 адамды жұмыспен қамту жоспарда, - деді спикер Шәкір Кейкин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT