Мақат ауданында «Денсаулық фестивалі - 2018» фестивалі өтті

(0 Votes)

Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 8 қыркүйек күні «Денсаулық фестивалі-2018» ұйымдастырылды.

Орталық алаңға жиналған 500-ден аса мекеме қызметкерлері, жастар мен мектеп оқушылары жігерлерін қамшылап, талаптан шығуға талпынды. Орталық алаңда еліміздің әнұраны орындалып, аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов шараның маңыздылығына тоқталды. Баршаға салауатты өмір салтын таңдап, көпшілік шараға қатысқандары үшін алғысын білдіріп, қатысушыларға мықты денсаулық тіледі.

Бапкер жиналған көпшілікті әуелі дене қыздыру жаттығуына шақырды да, сәл ғана уақыттан соң секіртпемен секіруге бұйрық берді. Команда берілген сәтте алаңдағы барша қатысушылар бір мезгілде секіртпемен секіруді бастап, үзіліссіз 2 минутқа дейін жалғастырды. Жарыста спортты жанына серік еткен жастар аудан тұрғындарына мейлінше үлгі көрсетіп, белсенділік танытты. Сондай-ақ, бірнеше отбасы мүшелері бірлесе қатысып, ептіліктерін байқатты.

Ал, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары шарадан соң фестивальге қатысушыларға әсем әндерін тарту етсе, Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері де қарап қалмады. Олар жаттығуда шыныққан шеберліктерін көрсетіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, халық денсаулығын нығайтуды мақсат тұтқан шара аясында бірқатар қатысушылар білікті дәрігерлер кеңесіне де жүгінді.

Г.САЛИКОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521