Мұржалар тазармаса, газге улану қаупі жоғарылайды

(0 Votes)

Жылыту пештерін пайдалану кезінде барлық жанғыш материал жану барысында бөлінетін улы газ айтарлықтай қауіп тудырады.

Улы газбен уланудың негізгі себептерінің бірі – қалыптасқан күйеден мұржаларды уақтылы тазартпау. Улы газдың түсі, иісі жоқ. Улы газбен бірнеше рет қана дем алу ақыл-есті жоғалтуға және ең қорқыныштысы – қаза болуға жеткілікті болып табылады. Егер пешті дұрыс пайдалансаңыз және жұмыс жай-күйінде ұстасаңыз өз өміріңіз бен денсаулығыңызға зиян келмейді.

Жану кезінде улы газдар бөлінеді: көгертетін қышқыл, фосген және тағы да басқалары, ауадағы оттегінің құрамы төмендейді. Яғни, от қаншалықты қауіпті болса, түтін мен күйік иісі де соншалықты қауіпті. Жану өнімдерінің қосылымы (концентрация) артқан жағдайда адам ағзасына қалай әсер ететінін білген жөн.

Тұншықтырғыш газ: 0,01% - жай бас аурулары; 0,05% - бас айналу; 0,1% - талу; 0,2% - кома, жедел өлім; Көмірқышқыл газы. 0,05%-ға дейін – әсер етпейді; 0,05%-дан 7%-ға дейін- жүрек соғысының жиілеуі, тыныс алу жолдарының әлсіреуінің басталуы; 10%-дан жоғары – тыныс алу жолдарының әлсіреуі, өлім.

С.ЕЛЕУБАЕВА,

ауданның ТЖБ бас маманы. азаматтық қорғау майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521