М.БАЙМҰХАНОВ МЕКТЕБІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

(0 Votes)

Жақында Атырау қаласында Атырау облысы Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Идея. Мотивация. Жетістік» атты тамыз кеңесі өтті. 

Тамыз кеңесінде 2023-2024 оқу жылы қорытындыланып, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадалар нәтижесіне сәйкес, «Үздік ұстаз-2024», «Үздік оқушы-2024», «Үздік мектеп-2024» номинацияларының иегерлері анықталды.

Нәтижесінде, М.Баймұханов атындағы орта мектебі «Үздік мектеп-2024» номинациясымен марапатталып, Атырау облысы бойынша үздік 20 мектептің қатарынан көрінді.

Осылайша, шәкірт тәрбиелеу жолында атқарған еңбектері жоғары бағаланған М.Баймұханов атындағы орта мектебін 2023-2024 оқу жылын сәтті қорытындылап шықты.

Б.Қасымова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521