Аптаның сәрсенбі күні «AMANAT» партиясының аудандық филиалында “Құқықтық көмек” акциясы аясында қоғамдық қабылдау өтті.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік әлсіз тобына заңгер, адвокат, медиатор мамандар арқылы халыққа тегін құқықтық көмек беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Қабылдауға аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Боранханова, жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлжанар Утешова, Мақат кенті әкімі Болатбек Сәрсен, аудан прокурорының көмекшісі Медет Оразов және заңгерлер мен нотариус өкілдері қатысып, тұрғындар сауалына сәйкес жауап берді.
Сондай-ақ, қабылдау кезінде тұрғындар тарапынан Ж.Жұмағалиев көшесінің жол жиегіне жаңбырдан кейінгі судың жиналуы тұрғын үйлерге қауіп төндіріп тұруы себепті, жолға арнайы су айдайтын тұрбалар салу, сонымен қатар көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп формасымен қатар құрал-жабдықтарымен көмектесу, атаулы әлеуметтік көмек алу жолдары, алимент өндіру жұмыстары, және өзге де бірқатар мәселелер қаралды.
Жоба туралы AMANAT» партиясының Мақат аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашев:
"Бүгінде AMANAT» партиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Солардың бірі "Құқықтық көмек" партиялық жобасы. Жоба аясында аудан тұрғындары тәжірибелі заңгерлер мен білікті мамандардан түйіткілді мәселелеріне заңдылығына сәйкес жауап алды. Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігінде көпбалалы отбасылардың мектепке дайындығына көмек көрсету, атаулы әлеуметтік көмек және бір жолғы материалдық көмек алу және өзге де мәселелер төңірегінде сұрақтар қамтылды. Өз тарапымыздан тиісті жұмыстар атқарылатын болады" - деді.
Айта кетейік, “Құқықтық көмек” партиялық жобасы әлі де жалғасын табатын болады
Б.Қасымова