Әлеуметтік бастамалар жемісі

(0 Votes)

Мақат кенті әкімшілігінің кіші мәжіліс залында қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылуын талдау мақсатында кезектен тыс отырыс өтті.

Жиында Үндеу қызу талқыға түсіп, әр бастамаларына жеке тоқталып кеңінен талқыға салынды. Үндеуде көтерілген әлеуметтік жобалар әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсартуға түсуге бағытталғаны көпшіліктің көкейінен шықты. Тұрғындардың баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту үшін «7-20-25» бағдарламасын ұсынып отыр. Осыған орай, Әділбек Нұрманов бағдарлама бойынша қалаларда іске асып жатырғанын, алдағы уақытта ауданда салынып жаңа пәтерлерден де берілсе деген ұсыныс айтып өтті. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов өз ойын ортаға салды.

Үндеуде көтерілген «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» жөніндегі бастама білім саласын бүгінгі күн талабына сай дамытудан туындағаны анық. Бұл жөнінде аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова «Шағын несие беруді көбейту» бағыты бойынша кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 38 жас оқып, оның ішінде 3-еуі өз кәсіптерін ашқанын айтып өтті.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521