Кезекті экспромт кездесу

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, «Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің» директоры Бақытгүл Тиышбаева Мақат кентіндегі «Ару» сауда үйінде 10 қаңтар күні өтетін сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу аясында сайлаушылармен экспромт кездесу өткізді.

Кездесуде алдымен әрбір Қазақстан азаматы беретін даусының маңыздылығы сөз болды. Үміткер партияның негізгі бағыттарын таныстыра келіп, алдағы уақыттағы жоспарлармен бөлісті.

«Мақат ауданы бойынша «Nur Otan» партиясынан 23 үміткер бармыз. Биылғы сайлаудың депутаттарды партиялық тізіммен анықтайтын ерекшелігінен бөлек, бұрынғыға қарағанда үгіт-насихат жұмыстары өте қарқынды жүріп жатырғандығын айтуға болады. «Есіктен-есікке» акциясымен және канвассинг кездесу кезінде  үй-үйді араласақ, сауда орындарында экспромт кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл халық пен үміткердің етене жақын болуына мүмкіндік береді.», - деді Бақытгүл Әділбекқызы.

Барлық санитарлық талаптарды сақтап өткен бас қосуда еліміздегі эпидемиологиялық ахуал да айтылмай қалмады. Себебі облысымыз «қызыл» аймақтан шықса да, қауіп-кетер жойыла қойған жоқ.

Жиналғандар сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтылған Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығы туралы сөзін талқыға салып, қолдауларын білдірді.

 

А.ЕСЖАН

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT