25-ші қараша мен 15-ші желтоқсан аралығында «Абай мұрасы» атты Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы А.Құнанбаевтың шығармашылығынан онлайн өнер байқауы өткен болатын. «Абай жылына» арналған байқауды «Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы ұйымдастырып, өрендердің өнерін танымал тұлғалар бағалады.
Байқауда бағын сынап көргендердің арасынан Мақат балалар өнер мектебінің шәкірттері де табылды. Барған жерінен бәйге алып, қанжығасын майлап жүретін ұжымның қоржынына бұл жолы да бұйырған жүлденің біразы түсті.
Айталық, «Аспапта ойнау» жанры бойынша қатысқан Ермек Мейірлан ІІ орынды еншілесе, Рахманова Айкөркем І орынға ие болды.
Ал, «Бейнелеу өнері» жанры бойынша қатысқан Құмар Райымбек байқаудың «Бас жүлдесіне» ие болып мұнайлы мекеннің атын алаш жұртына тағы бір паш етті.
А.САДЫКОВ