Жерлестеріміз «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» атанды

(0 Votes)

Кітапхана - теңдесі жоқ білім бұлағының көзі, адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы. Бұл ретте, тұрғындар үшін сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы ордаға айналған аудандық кітапханалардың ел үшін атқарып жатқан еңбегі ұшан теңіз.

Қараша айының 4 жұлдызында  Ғ.Сланов  атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында кітапхана басшысы С.Ізмұханбетованың басшылығымен айтулы шара өтті. Шара барысында кітапхана саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, саланы дамытудағы жетістіктері үшін кітапхана мамандары  марапатталды. Мерейі тасыған мәртебелі маман иелерінің арасында  ауданымыздың мақтаныштары да бар. 

aiman

Мақат аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімінің  меңгерушісі Айман Мұханова, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Батима Әмірова аталмыш шара барысында "Қазақстанның  құрметті кітапханашысы" төсбелгісімен марапатталды. Сүйікті оқырмандарының алғысына бөленіп жүрген кітапхана қызметкерлері осылайша талай жылғы төгілген маңдай терінің жемісін көрді. Аудан кітапханалары жұмысының алға басуына қосқан жетістіктеріне әріптестерінің де айтар алғысы шексіз. Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды. Ал, кітап - қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы. Еңбектеріңіз жана берсін қадірлі кітапханашылар.

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521