Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыс департаменті кәсіпкерлердің құқығын қорғауды қолға алды. Шілде айында «Protecting Business and Investments» жобасы аясында жалпы құны 4 млрд теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобаға қолдау көрсету мақсатында келісім жасақталды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен қолдау тауып отырған жобаның бірі - антисептикалық құралдарды шығаратын зауыт. Құны 20 млн теңге болатын жоба жүзеге асса, жылына 142 тонна кір жуу ұнтағы, 88 тонна су сабын және 313 тонна автокөлікке арналған сусабын мұнайлы өңірде өндірілмек. Қазір зауыттың құжаттары дайындалып, орналасатын жері анықталыпты. Жоба туралы өңірдегі кәсіпкерлерді толық ақпараттандыру мақсатында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жиын өткізді. Қазір облыс бойынша 18 инвестициялық жобаға қолдау көрсетіліп отыр.
-Бұл келісім барысында біз инвесторға не кәсіпкерле бір ғана талап қойлатын болады. Бұл өзінің бизнесін, өзінің кәсіпкерлігін таза, әділ, парасыз жүргізу. Біз көмектесетін қолдау - барлық әкімшілік кедергілерді және мемлекеттік тарапынан қойылатын тосқауылдарды уақытылы және жедел түрде шеш, - дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт.
Айта кетейік, «Protecting Business and Investments» жобасы аясында кәсіпкерлер кедергісіз қызмет атқара алады. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кәсіп иелеріне мемлекеттік органдар тарапынан тосқауыл болмауын қатаң қадағалайды.