Тыл ардагерін туған күнімен құттықтады

(0 Votes)

Зұлмат соғыс тұсында тағдырдың тауқыметін тартқан тыл ардагерлері қандай құрметке болса да лайық.

Мемлекет тарапынан оларға қаржылай және материалдық көмек көрсету күн тәртібінен бір сәт түскен емес. Салалық ведмоствалар да оларға қамқор көңілін танытып келеді. Мәселен, Мақат ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлері Г.Қожантаева мен инспектор  Б.Аманғалиева Мақат ауданының аналар кеңесінің төрайымы Кулпаш Әділбекқызымен бірлесіп 15-қыркүйек күні тыл ардагері Алишева Балзира Аманғалиқызының шаңырағына арнайы ат басын бұрды. Меймандар қариямыздың  қыркүйек айындағы отбасы күнімен  тұспа тұс келген туған күнімен құттықтап, ардагер анамызға құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді.

Мақат ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамы алдағы қазан айындағы «қарттар күніне» де орай ауданымыздың қарттарына  барып құрмет көрсетуді де жоспарлауда. 

 
А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT