Ел Президентінің жарлығымен бекітілген еріктілер жылындағы іс-шаралар жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр. Осы мақсатпен сабақтасқан "Wordcleanday-2020" Дүниежүзілік акциясы аясында кент аумағында сенбілік шарасы өтті.
Сенбілікке барлық мекемелер мен кәсіпорындар және әкімдік қызметкерлері қатысып, Ж.Жұмағалиев, Б.Төлекбаев, ағайынды Телішевтер, Мұнайшы газетінің 60 жылдығы, С.Мұқашев, А.Жұмашева көшелері тазаланды.
Кент әкімшілігінің мәліметіне сүйенсек аталған сенбілікке 373 адам қатысып, 314 м3 қоқыс шығарылған. Сонымен қатар 4 арнаулы техника жұмылдырылған.
Белсенді деп танылғандардың қатарында "Мақат желілік өндірістік басқармасы" ЛПУ, Пайдалану депосы және аудандық аурухана ұжымы бар.
Көзіміз кентіміздің қоқысына емес көркіне "сүрінгенді" қаласақ, осындай сенбіліктерде әр тұрғынның белсенді болуы тиіс.
А.САДЫКОВ
Суреттер автордан