ҚР Ұлттық экономика министрі Доссорда болды

(0 Votes)

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Атырау облысына жұмыс сапары барысында Доссор кентіне табан тіреп, тұрғындармен кездесті.     

Доссор мәдениет үйінде өткен кездесуге қатысқан кент тұрғындары өңірді дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Яғни, жолдарды қалпына келтіру, көшелерді жарықтандыру, халықты баспанамен қамту мәселелері қозғалып, ескі және апатты жағдайдағы, сондай-ақ өртеніп кеткен үйлердің орнына жаңа баспана салуға қаражат бөліну керек екенін баса айтты. Жергілікті бюджет пен демеушілік қаражаты есебінен салынған кейбір үйлердің сапасы сын көтермейтініде айтылды. Мәселен жаңа үйлердің төбесінен су ағып, сыртқы қаптамасы бұзылып, түсіп жатырғаны белгілі болды.

Тұрғындардың базынасын құлақ түріп тыңдаған Әлібек Қуантыров облыс әкімдігімен бірлесіп, жаңа үйлер салу және жөндеу шығындарын қаржыландыру әдістерін қарастыратынын айтты.

Бұдан бөлек, жиын барысында жергілікті кадрларды жұмысқа орналастыру мәселесі де көтерілді. Тұрғындар ірі ұлттық компанияларға жұмысқа орналасу мүмкін емес екенін айтып шағымданды. Яғни, жұмысшыларды басқа қалаларда орналасқан рекрутингтік компаниялар жалдайды. Сондықтан жергілікті тұрғындар жұмыссыз отыруға мәжбүр.

ҰЭМ басшысы кадрларды жұмысқа орналастыруда басымдық мүмкіндігінше жергілікті мамандарға берілуі тиіс деген пікір білдірді. Оның айтуынша, мамандандырылған кадрлар болмаған жағдайда жергілікті тұрғындарды дайындық курстарынан өткізіп, жұмысқа орналастыруға болады.    

Кент тұрғындарын алаңдатып отырған тағы бір мәселе – тұзды сорлардың ашық жатуы. Бұның адам денсаулығына өте зиян екенін айтқан жұртшылық тұзды сорды көмуді талап етті.

Ә.Қуантыров барлық мәселелер жергілікті билік және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастырылатынын атап өтті.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT