Көне тарих куәсі көзден таса қалмасын

(0 Votes)

Әлемде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бері сәуір айының 18-інде атап өтіледі.

Бұл күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен болатын. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар.

Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Тамғалы тас шатқалындағы суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар деп есептеледі. Ескерткіштер қашанда ұлттық тари¬хымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ол әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Ескерткіш мұралары - көне тарихтың куәсі. Олай болса, оларды насихаттау әрбір азаматтың парызы, сонымен қатар қамқорлығы болмақ.

Ежелгі грек ғұламаларының айтуына қарағанда, «Адамның белгілі бір ұлтқа, халыққа тән екендігін айқын сезіну үшін бес түрлі шартқа жауап беруі тиіс. Сол ұлттың тілін жақсы білуі қажет. Сол ұлттың дінін терең меңгерген жөн. Сол ұлттың дәстүрін толық бойына сіңіруі тиіс. Сол ұлттың тарихын бес саусағындай білгені абзал. Сол ұлт мекендеген жердің ой-шұңқырын жақсы білу парыз».

Материалдың толық нұсқасын газетіміздің №16 санынан оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521