Кітап оқудан жалықпайтын балалар

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына екі жыл толуына орай еліміздің рухани байлығын оқырмандар санасына сіңіру, мәдени мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастыру мақсатында аудандық балалар кітапханасының Коворкинг орталығында, Атырау өңірлік жобалық кеңсесіне қарасты кіші Мақат өңірлік жобалық кеңсесінде «Мен оқимын! Сен оқисың! Бәріміз оқимыз!» атты сыр сандық интеллектуалды ойыны өткізілді.

Оқушылардың қазіргі уақытта кітапқа деген қызығушылығын жаңа деңгейге көтеретін жаңа ойлар ұсыну, кітаптың мәңгілік рухани байлықтың көзі екенін дәлелдеуді мақсат тұтқан шара барысында қатысушылар қазіргі технологияның дамыған дәуірінде кітапқа деген қызығушылық қандай деңгейде деген сұрақтың төңірегінде ой өрбітті.

Кітаппен дос болған адамның ой-өрісі жоғары, тілге шешен, қиыннан жол таба білер бәсекеге қабілетті болатынын дәлелдеген балалар ойын барысында жақсы кітапты қызықты етіп жарнамалау керек деген тұжырымға келді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521