Қордаланған мәселе талқыланса, шешіледі

(0 Votes)

Еліміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайының көтерілуіне бірден-бір себепкер сала – кәсіпкерлік. Осы саланың дамуына бүгінгі күні көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Елбасы Жолдауларынан бастау алған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары аясында ауданымызда да кәсіптің түрлі саласымен айналысушылардың саны артып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосуда.

Өткен аптада аудандық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен болған семинар-кеңесте шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне кәсіпкерлік саладағы заңнамалардағы өзгерістерді түсіндіру және ақпараттық қолдау мақсат етілді.

Семинар-кеңеске аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов төрағалық етіп, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бөлімінің, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ының, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ының, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы Атырау облысы бойынша аймақтық филиалы, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының басшылығынан өкілдер және аудандағы коммуналдық шаруашылық басшылары, аудан прокуроры мен аудандық дербес бөлімдерінің басшылары, кент, округ әкімдері және орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.

Кеңес төрағасы Х.Төлеуішов еліміздегі кәсіпкерлік салаға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен көмек түрлі бағдарламалар арқылы беріліп отырғандығын, десе де, бағдарламаларды ақпараттық қолдау кемшін болған жағдайда осындай семинар-кеңестің өзіндік рөлі, тигізер пайдасы болатындығына үміт артып, ұйымдастырылып отырғандығына тоқталды.

Толығырақ газетіміздің №16 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521