Күлкі күніндегі әзіл мерекесі

(0 Votes)

Сәуірдің 1-і күні Доссор мәдениет үйі ұйымдастыруымен күлкі күніне орай студенттер және оқушылар арасында «Күлкі кубогі» КТК ойыны өткізілді.

Қазіргі таңда, барлығымыз сүйсініп тамашалайтын жайдарман прогрессивті дамып келе жатқан жастар қозғалысына айналды. Сонымен бірге ұлттық құндылықтардың жаршысы болып қалыптасып келеді. Сайысқа тоғыз команда қатысып, ойын ережесіне сәйкес үш кезең бойынша бақ сынасты. Атап айтсақ, "Элемент Х" (Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі), "Қызғалдақтар" (А.Құнанбаев атындағы орта мектебі), "Фойе" (Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі), "Легенда" (Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі), "Қазақы жастар" – (Сабыр Шарипов атындағы мектеп-интернаты), "Оригинал" (Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі), "Ерке" құрамасы (Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектебі), "Доссор" (Доссор кенті), "Қазына" (Атырау қаласы) командалары. Барлық командалар сайыс барысында жақсы ойын көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді. Ең алдымен сәлемдесу, үй тапсырмасы және соңғы кезең сұрақ-жауаппен аяқталып, ойын өте қызықты да, тартысты өткізілді. Қорытынды ұпай саны бойынша жүзден жүйрік шығып, ұтымды қалжыңдарымен, сапалы ойын өрнегін көрсетіп "Қазақы жастар" командасы сайыс жеңімпаздары атанды. Екінші орынды "Қазына" құрамасы жеңіп алды, "Ерке" құрамасы үшінші орынға ие болды. Белсене қатысқан үшін қалған командалар алғыс хатпен марапатталды.

С.МӨЛДІР,

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521