Көмек кімге берілетіні нақтыланды

(0 Votes)

Өткен аптада Доссор кенті әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында жиналыс өтіп, онда аз қамтылған отбасылар және көп балаcы бар отбасыларға "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары" түсіндірілді.

Жиынға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Утешова, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ж.Есенғожин және Доссор кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы Г.Ерғожиева қатысып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында аналарға, мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмектің есептелуінен бастап, құжат рәсімдеуіне дейін түсінік берілді.Мамандар атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері кімге тиесілі екенін нақтылап өтті. Жәрдемақы отбасындағы жан басына шаққандағы табыс көлемі есептеліп, тағайындалатын болады деп түсіндірді мамандар. Аналар көкейінде жүрген сұрақтарын жаудырып, жауап алуға ниет етті. Сондай-ақ, мәселесін тыңдап, шешу жолын қарастыратындарға сенім білдірді. Айта кетейік, әлеуметтік жәрдемақы алуға құжат сәуір айының 1-30 аралығында жұмыспен қамту бөлімдерінде қабылданады. Содан кейін, атаулы әлеуметтік көмектің кімге берілетіні анықталатын болады. Кездесуге келгендер көптеген мәлімет алғандарын жасырмайды. Өздері үшін жасалып жатқан жағдайды енді түсінгендей. Айтуларынша, видеоролик немесе мақалалардан оқығаннан, мамандардың аузынан естіген әлдеқайда тиімдірек екен.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521