«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16-күн» акциясы өтеді

(0 Votes)

Атырау облысы полиция департаментінің бастығының 2021 жылдың 22 қарашадағы №1-30-4-57/6550-И санды нұсқауын орындау мақсатында 25 қараша және 10 желтоқсан аралығында аудан көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16-күн» акциясы өтеді.

Аталмыш іс-шараның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтын алдын алу және жолын кесу. Осы бағытта аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларына барып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.

Полиция бөлімінің жеке құрамының барлық қызметкерлері жұмылдырылып, аудан көлеміндегі жұмылдырылған күштер белгілі бір бағытта бөлініп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау үшін олардың алдын алу мақсатында, жоспарлар, шаралар, рейдтер ұйымдастырылады.

К.Серикбаева,
Мақат АІІБ-нің ЖПҚб-нің
ӘҚЗЗ қорғау жөніндегі инспекторы
полиция капитаны

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521