Мақатта «Іскер ана» жобасы басталды

(0 Votes)

Бүгін, 24 қарша күні аудандық Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында, аудан әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп, «Айналайын баладан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Іскер ана» жобасы басталды.


Жобаның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева, «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Әсел Қаржауова, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанат Жұмағалиева, «Атамекен» Кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры Гүлназ Едігеева қатысты.


Ауданы әкімінің орынбасары О.Айкашева бұл жоба «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір» сайлау алды бағдарламасы жөніндегі жол картасына сәйкес іске асырылып жатқанын айтып өтті. Сондай-ақ, көп балалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған, әлеуметтік аз қамтылған аналарды оқытуға, өз ісін ашуға, кеңейтуге бағытталған «Іскер ана» жобасының маңыздылығына тоқталып, аз уақыт ішінде тек білім алып қоймай, табыс табуға, кәсіп ашудың қыр-сырын үйретуге мол мүмкіндік беретінін тілге тиек етті. Бұл жобаның қоғам үшін пайдасы зор болғандықтан, өз жалғасын табатынына сенім білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

tstsАудан көлемінде ұйымдастырылған «Іскер ана» жобасына көпбалалы, жалғыз басты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік азқамтылған 30 ана қатысуда.
Жобаның алғашқы кезеңі бойынша бүгін бизнес тренер, коуч Алтынгүл Атабаева қатысушыларға тренинг семинар өткізіп, аналардың ұмтылысы мен ынтасын оятты.
Жоба аналарды оқыту және тауар негізінде грант бөлу кезеңі бойынша жалғасатын болады.

whatsapp-image-2021-11-24-at-15_32_58

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT