Үйде отырып үлкен шаруаны бітіреді

(0 Votes)

Доссор кенті әкімдігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті аудандық бөлімімен бірлескен жиналысы өткізді.

Жиналысқа кент әкімінің орынбасары Гүлнар Ерғожиева, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Тұрлан Нұржанов, аудандық бөлім басшысы Мейрамгүл Кеуелова және кент тұрғындары қатысты. «Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуы тиіс.

Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек»,- деп мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айтып өткендей, жиналыстың мақсаты «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын насихаттап, халықтың компьютерлік сауатын жоғарылату және біліктілігін арттыру болды. Сондай-ақ шара барысында ХҚКО-ның қызметкерлері тек қазақстандық электрондық үкіметтің дамуы туралы айтып ғана қоймай, порталдың негізгі мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануды үйретті.

«Egov.kz» веб-порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез-келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез-келген нүктесінен өтініш беріп, анықтама алып, салық немесе айыппұл төлеп немесе қандай да бір қызметті қалай алуға болатыны туралы айтылды. Бүгінгі таңда «электрондық үкімет» порталын пайдаланушылар үшін 126 интерактивті және транзакциялық қызмет ұсынылған.

Олардың қатарына 84 мемлекеттік қызмет пен сервис, мемлекеттік алымдардың 21 түрін, мемлекеттік баждың 16 түрін төлеу, 4 салық төлемінің түрін, сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеу жатады. ХҚКО-ның қызметкерлері слайд арқылы порталға қалай кіру керек, жаңадан қосылып жатырған сервистерді қалай қолдануға болады, электронды-сандық қолтаңбаны қалай алуға болатындығын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, тұрғындарды электронды порталға тіркеп, мекен-жай, т.б анықтамаларды шығару жолын көрсетті. Порталдағы барлық қызметтерді қолдану үшін азаматтарда алдымен электронды-сандық қолтаңбасы болуы қажет. Картридер құрылғысы көмегімен анықтамаларды жеке куәлік арқылы алуға болады.

Тұрғындар шара барысында үйде отырып-ақ, мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді іс жүзінде қалай алуға болатынын үйреніп, әрі бұл әрекеттің өте жеңіл екеніне көз жеткізді. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алу жаңа заман технологиясының тәжірибеге байланысты өмірге келген жағымды жаңалықтардың бірі.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521