Шағын несие -шағын кәсіптің бастауы

(0 Votes)

Өткен аптада кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында көшпелі мәжілістің «Кәсіпкерлікті дамыту-рухани жаңғырудың негізі» тақырыбымен V-ші конференциясы өтті.

Мәжілісті Мақат кенті әкімі Б.Жайкин жүргізіп, облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, "Казпошта" АҚ Атырау облысы бойынша филиалы, "КазАгроҚаржы" АҚ Атырау облысы бойынша филиалы,"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Атырау филиалының, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Атырау филиалы, Атырау облысы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Атырау филиалының өкілдері, аудан кәсіпкерлері қатысты. Тәжірибелі мамандар кәсіпкерлерге қажетті ақпарат беруде жүйелі жұмыс жүргізді.

«Бизнестің жол картасы-2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламалары және де мемлекетіміздің басқа да кәсіпкерлікті, ауылшаруашылығын дамыту жөнінде іске асырылып жатырған мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды түсіндірді. Жиын барысында ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласын дамыту, мемлекеттік бағдарламалар, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік саласын қаржыландыру, ветеринария саласындағы өзекті мәселелер талқыға салынды. Аудан кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде де кеңес алды. Несие алуға үмітті азаматтар қажетті ақпармен қамтылып, өз ісін бастау мақсатымен қанаттанып шықты.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521