Маргарита

(0 Votes)

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген аталы сөз бар. «Береке бастауы -бірлік, ел іші -тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін 1 мамыр мейрамының орны ерек.

Ел ішінде түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін артып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттап, түрлі ұлт пен ұлыстар бейбіт ғұмыр кешіп, өмір сүріп жатыр. Ауданымызда тату-тәтті ұлт болып болып ұйыған отбасылар көптеп кездеседі. Солардың қатарында Әлібек Сағынтаев пен Маргарита Пашбекова да бар. Маргарита Пашбекова-мары ұлтының тумасы. Ол 1979 жылы Мақат ауданында дүниеге келген. Л.Шахатов атындағы орта мектебін аяқтаған соң, Оренбургтен орта арнайы бухгалтерлік мамандығын алады.

Оқуын тәмамдаған соң, Ақтөбе қаласында аспазшы болып жұмыс істейді. Кейін жинаған тәжірибесін туған жері -Мақатта жүзеге асырып, еңбекке араласып кетті. Ол қазақ жігіті Әлібекті көңілі сүйіп, тұрмысқа шығады. Бүгінде көзінің ағы мен қарасындай ұл мен қыз тәрбиелеп отырған тату-тәтті отбасының бірі. Маргарита үй шаруасынан қолы босағанда балаларына, өзіне киім, әшекей бұйымдарын жасайды. Әрдайым қазақ халқының бешбармақ, бауырсақ, және дәмді торттарды т.б. ұлттық тағамдарын күнделікті дастарханға даярлағанды ұнатады. «Мақатта дүниеге келіп, өмір сүріп жатқанымызға бек ризамыз.

Біз үшін маңыздысы-отбасының бақыты. Отбасын сақтап қалу үшін махаббат, сүйіспеншілік, өзара түсіністік, сыйластық басты қағида екен. Қашанда үлкен бір шанырақтың астында, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, береке мен тірлікті ту етіп, салиқалы ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің ертеңі үшін еңбек етіп, бақытты да баянды өмір сүргенге не жетсін» дейді Марго бізбен әңгімесінде.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521