Ойы ұшқыр жастар топ жарды

(0 Votes)

Мақат ауданының 95 жылдығына орай ауданда алғаш рет «Не?  Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық ойын өтті.

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты - жастар арасында өзара жолдастық көмек көрсете білу, дүниетанымдарын кеңейтіп, логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.  Ойынға 6 адамнан тұратын 4 команда,  яғни аудан әкімі Ж.Қарағаев бастаған аудан әкімдігі командасы,  Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі мамандары, Мақат локомотив пайдалану депосы қызметкерлері, аудандық білім беру бөлімінен аудан мектептерінің мұғалімдері қатысып, өзара бәсекелесті.  

Ойынды өнер мектебінің шешендік сынып жетекшісі Нұрлан Серікұлы жүргізді.  Аудан әкімі орынын жастарға жолдап,  мәрттік танытты. Ойын нәтижесі бойынша ІІІ орынды білім беру бөлімінің тобы, ІІ орынды локомотив пайдалану депосы иемденсе,  ойынның жеңімпазы  Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі болды.

Ал,  үздік қатысушы номинациясымен Бәйгетөбе бөбекжай-балабақша кешенінің мұғалімі Ғалымжан Орынбаев пен локомотив пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы Ғ.Асанбаев иемденді.  

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан диплом мен естелік сыйлықтар табыс етті.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521