Несие алу мәселесі қайта қаралады

Несие алу мәселесі қайта қаралады
фото: Мақат тынысы редакциясы
(0 Votes)

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында көптеген азаматтың мойында бірнеше несие бар екенін айтып өтті. 

"Бұл әрине өзекті мәселе әрі қоғамдағы қауіп кесел. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданады. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынады" деді ел Президенті.

Осы ретте жалақыға дейін күн күнелтіп, жетпегесін несие алуға ұмтылатын азаматтардың қатарын азайтуға мүмкіндік беретін заңдардың қабылдануы оңтайлы шешім болды.

Өйткені елімізде ай сайынғы төлеп отырған несиесі жалақысынан да көп азаматтар жетіп артылады. Осындай қаржылық қиындықтардың соңы отбасындағы жанжалға, түсініспеушілікке, тіпті суисидке дейін әкеліп соғатыны жасырын емес.

Қоғамның қауіпті кеселіне айналған несие алу тәсілін оңтайластырып, заңдылығын қайта қарау халық үшін қабылданған тиімді бастама деп есептеймін.

Ел игілігі мен болашағы үшін қабылданған кез келген шешім оңынан болары сөзсіз.

С.Халенов,

Ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521