Ерлік - елге мұра

(0 Votes)

Бүгін Астана қаласының бас алаңында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру

 Әскери шеру сағат 11:00-ден бастап ауданның орталық алаңында орналасқан үлкен LED экранда көрсетілді.

Аталған шараны LED экранда тамашалау үшін аудан әкімі Азамат Мәмбетов, мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және округ әкімдері, аудан ардагерлері мен бөлім басшылары, түрлі мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Астана қаласының бас алаңында өткізілген Әскери парадты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды.

Парадта алдымен Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Жеңіс туын алаңға салтанатты түрде алып келді.

Одан әрі Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі Руслан Жақсылықов парадқа қатысушы барлық әскери топтарды мерекемен құттықтап, парадтың дайындығын тексеріп шықты.

Одан соң Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы- Қазақстан Қарулы Күштері Жоғары Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты ашып, барлық Отандастарды мерекемен құттықтады.

Одан әрі салтанатты шеру басталып, оған Қазақстан Республикасы Қарулы күштердің және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың парадтық есептобы, әскери техника, майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның әуе кемелері қатысты.

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру майдангерлердің ерлігіне тағзым ету және Тәуелсіз Қазақстан армиясы күшінің мықтылығын көрсетіп, жиналған көпшілікке патриоттық рух сыйлады.

Аталған шара орталық алаңда аудан көркемөнерпаздарының “Ерлік - елге мұра” атты мерекелік концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Ботакөз Асхатқызы

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT