Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағанбетовтің жылдық есеп беру жиынында осы кент тұрғыны М.Мәженовтің тарапынан ерекше балалар үшін арнайы ғимарат қарастыру жөнінде сауал қойылды.
Пандемия орын алғанға дейін мүмкіндігі шектеулі балалар аудандық орталық ауруханасында орналасқан арнайы бөлмеде білім алып, ем алушы еді. Орталық ауруханада індет жайлаған тұста аталмыш орын жабулы.
Орынды ұсынысты құп алған аудан әкімі Шәкір Кейкин мәселеге аудан әкімдігі қанық екендігін, оны шешу үшін құзырлы бөлімдерге тапсырма берілгендігін атап өтті.
Өз тілшіміз
Сурет: ашық дереккөз