Бұл жөнінде Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағанбетов жылдық есеп беру жиынында айтып өтті.
Иә, өмір бар жерде өмірден өту де заңды құбылыс.
Мақат кентінің қай бағытын қарасақ та, зираттар жан жағында орналасқан.
Олардың бірқатары кенттегі үйлердің іргесінен 40 метрдей қашықтықта орналасқан. Әсіресе , Бостандық көшесі маңындағы зираттың қоршалуын аталмыш ауыл тұрғындары талап етіп отыр. Өйткені кішкене балалар ойнап жүріп, осы жерлерден шығатын сәттері де кездесіп қалып жатады.
Өз тілшіміз.
Сурет: ашық дереккөз