Бүгінгі таңда 3 қатарлы 60 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан көп салалы спорт кешенінің құрылыс жұмыстары қаражат болмауына байланысты тоқтап тұр.
"Мақат кентінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға міндеттер туралы" қорытынды есебінде кент әкімі Е.Ермағамбетов өткен жылғы жасалған іс-шараларға шолудан бөлек алдағы атқарылар жұмыстарға да тоқталды.
Солардың маңыздыларының бірі №2 бастауыш мектебіне 250 орындық жапсарлас ғимарат үшін (асхана, спортзал, қосымша кабинеттер) жобалау-сметалық құжаттама жасақталынса, 160 орындық 2 балабақша құрылысына жасақталу үстінде. Кент көшелеріне және көп қабатты үйлердің аулаларын бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуде басты назарда. Орталық алаңды қайта құру да көзделген. Осы және өзге де атқарылар іс-шаралар легі газетіміздің соңғы нөмірінде толығымен жарияланған болатын.
Өз тілішіміз
Сурет: ашық дереккөз