Еліміздің біртектілігі мен бірлігі нығая берсін!

(0 Votes)

Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн біз үшін жыл бойы атқарған еңбектерімізбен және жасаған жақсылықтарымызбен маңызды. Әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін рахмет-ризашылығын білдіретін күн.

Алғыс айту күнін мерекелеу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, қазақстандық біртектілік пен ел бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытуда қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.

Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуын көрсетер күн. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос өкілдерінің қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай, бірге көтере білді. Бұл күн – Қазақстанның тағдыр тоғыстырған көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу және қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақтастықты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, достығымыз бен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарасқан күні.

Біздің ауданымыз - түрлі ұлт өкілдерінің өзара ауызбіршілікте күн кешіп жатқан, халқының ынтымағы жарасқан мекен. Бұл да еңбек қатынастары арқылы бір ортада біте қайнасқан тұрғындардың өзара сыйластығы артып, бір-біріне деген алғысының молаюына ықпал ететіні сөзсіз.

Қадірменді жерлестер!

Еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын бүгінгі мереке құтты болсын!

Еліміздің біртектілігі мен бірлігі нығая берсін!

«Мәңгілік Ел» жасай берсін!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш, бақыт тілеймін!

Шәкір КЕЙКИН,
Мақат ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT