Ел ертеңі үшін маңызды қадам

Ел ертеңі үшін маңызды қадам
(0 Votes)

 АЭС салуға байланысты ақпарттық-түсіндірме жұмыстары жалғасын тауып, халықтық штаб өкілдері аудандағы Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне бас сұғып, еліміз үшін АЭС құрылысын салудың маңызды екендігін бүгей-шүгесіне дейін түсіндірді.

Кездесу барысында халықтық штаб өкілдері бейбіт атом стансасын салудың қажеттілігі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе екендігін тілге тиек етіп, АЭС салудың ел экономикасының дамуының алғышарты екендігін баса айтты.

«Жылу электр станциялары үшін әлемдегі көмірсутек отынының шектеулі қорларын және Қазақстандағы атом электр станциялары үшін уранның орасан зор қорын ескере отырып, Қазақстанның тұрақты даму үшін электр энергиясын өндіруде қоғамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған барлық мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ қазіргі қолданыстағы жылу станцияларының басым бөлігі тозығы жеткен», - дейді «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы Сәбит Халенов.

Сонымен қатар, еліміз уран өндіруден, барланған табиғи уран қоры байынша алдыңғы орында болса да, әлі күнге дейін табиғи байлықтарды сұрыптап, игерілмей жатқандығы аталып өтті. Қазақстанмен бірге басқа көптеген елдер үшін де атом электр станцияларында электр энергиясын өндіру көмір және газбен қуаттанатын жылу электр станцияларына қарағанда әлдеқайда арзан екендігін анықталған. Әсіресе, энергетикалық дағдарыс кезінде атом электр станцияларында өндірілетін электр энергиясының бағасындағы артықшылық жер мен көктей екендігі баса айтылды.

Кездесу соңында халықтық штаб өкілдері түрлі әлем елдерінің АЭС салу үшін қабылдаған батыл шешімдерінен мысал келтіріп, Қазақстанның жаһандық көшке ілесетін уақытының келгендігін айтып, мекеме қызметкерлерін алдағы референдумға қатысып, өзіндік үн қосуға шақырды.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT