Елімізде қазан айының алтыншы жұлдызында жалпыхалықтық референдум өтеді. Ондаға мақсат Қазақстанның элетр энергияға деген тапшылығын жою үшін АЭС салу туралы халықтың келісімін алу болып табылады.
Менің ойымша елімізге атом элект стансасы керек-ақ. Олай деуімнің себебі, бүгінгі таңда ауыл-аймақты қоя тұрғанда, қаланың өзінде электр энергияның жетіспеушілігін көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Әрине техника дамыған сайын, адамның электр қуатына деген тәуелділігі артады.
Қарапайым табиғаттың құбылмалы ауа-райынан бөлек, жайма шуақ күннің өзінде сапасы сын көтермейтін трансформаторлардың жанып кетуі немесе сымдарының үзіліп түсуі халықты зәрезап күйге салатыны жасырын емес.
Сарапшылар бұндай электр қуатының тапшылығы әсіресе еліміздің Оңтүстік өңірінде жиі кездеседі деп отыр. Соған сәйкес АЭС сол Оңтүстік өңірден салынбақ. Сол арқылы электр энергиясы мәселесі оң шешімін таппақ.
Осы тұста «АЭС салынса, онда жұмыс жасайтын мамандар бар ма?» деген сауал әркімді толғандыратыны сөзсіз. Бұл сұраққа да жауаптылардың жауабы дайын екен. Яғни атом электр энергиясына қажетті мамандар өз елімізде, одан қалды «Болашақ» бағдарламасы арқылы шет елдерде білім алуда. Яғни, кадр тапшылығы орын алмайды.
Сонымен қатар, АЭС-тің қоғамдық резонанс тудыруындағы тағы бір басты себеп, ол түрлі орын алған апаттық жағдайлар болып отыр. Десе де, ол бір жақты шешім қабылдауға әкеліп соқпауы керек. Неге десеңіз, бүгінде дамыған бірнеше елдерде АЭС жұмыс жасап тұр. Оны да естен шығармаған жөн.
Айтпағым, болашақ үшін қабылданар шешімді байыппен әрі жан-жақты зерттеулер арқылы саралап қабылдау қажет. Әйтпегенде, бүгінде адамзат үшін электр қуатының жетіспеушілігі күннен күнге артып барады.
А.САДЫҚОВ,
аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы