Ұстаздар ұлықталған күн

Ұстаздар ұлықталған күн
(0 Votes)

 5 қазан – Ұстаздар күніне орай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық» атты мерекелік шара өтті.

Сахна шымылдығы ұстаздарға арналған әсерлі бейнероликпен түріліп, «Зерде» би тобының орындауындағы әсем би қойылымымен жалғасын тапты.

Келесі кезекте ұлағатты ұстаздарды төл мерекемен аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтап, бірқатар ұстаздаздарға «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін табыстады. Сонымен қатар, табысты еңбегі үшін бірқатар сала қызметкерлерін аудан әкімінің арнайы хатымен марапаттады. Одан бөлек, шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Жанболат Кукембаев аяулы ұстаздардың өлшеусіз еңбектері үшін минстрліктің «Құрмет грамотасы» мен облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасын” бірқатар сала мамандарына табыстады.

Сондай-ақ, саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ардагер ұстаздар да назардан тыс қалмай, облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Келесі кезекте облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының аудандық комитеті филиалының төрағасы Ерболат Құлтаев пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашев ұстаздарды мерекемен құттықтап, ұзтаздар қауымын арнайы марапаттады.

Шара соңы ұлы мамандық иелеріне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

Толығырақ газетттің келесі санынан оқи аласыздар!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521