Сайлаушылармен экспромт кездесу

(0 Votes)

4 қаңтар күні аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткерлер Қуаныш Исмагулов, Әсел Қаржауова, Мереке Басанов, Асылбек Өтегенов Доссор кентінде орналасқан «Ален» әмбебап дүкенінде экспромт кездесу өткізді.

Онда сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «Nur Otan» партиясы ауданның халқының өмір сүру деңгейін жақсарту, өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін нақты жоспарларды мақсат етіп отыр.

Әлемді жайлаған індет елімізді де айналып өтпеді. Осы тұста елдің экономикалық жағдайына кері әсерін тигізді. Осы орайда Елбасы бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілері 2,2 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізді. Карантин кезінде тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетті. Несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізді. Партия тарапынан осындай елге жанашырлық көрген тұрғындар «Nur Otan» партиясын бұрыннан қолдайтындықтарын жеткізді.

Үгіт жұмыстары арасында сайлаушылар үміткерлерге көкейкесті сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Сонымен қатар, ұыныс-пікірлерін де білдірді.
Партиямен алда атқарылатын жұмыстар тізбегінен хабардар болған тұрғындар алдағы күнге сеніммен қарап, өз қолдауларын білдірді.

М.Серікқызы

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT